Өнім сапасын бақылау



Қызметін бастағаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең ішінде кәсіпорынның назары сапа мәселелеріне баса аударылды. 2010 жылы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы кәсіпорынның беделін арттыру үшін, «ҚазгерҚұс» ЖШС-де ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартының талаптарына жауап беретін сапа менеджментінің жүйесі (СМЖ) жүйесі әзірленді және енгізілді.


Қазақстан Республикасымен мемлекет аралық стандарттарды қабылдау рәсімінен кейін біздің кәсіпорынның шығаратын өнімі үшін жоғары заңды күшіне ие стандарттау жөніндегі нормативті құжат

КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», КО ТР 022/2011 «Тағамдық өнімнің заттаңбалауына қатысты» Техникалық регламенттерінің талаптары және МСТ 31654-2012

«Тағамдық тауық жұмыртқалары» Техникалық шарттары болып табылады.

Кәсіпорында ветеринарлық және зоотехникалық зертханалар жұмыс істейді, мұнда жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығын тексеру үшін әзірленген азық-жемдерді сараптау және азықты өндіруге арналған шикізаттың сапасына үнемі бақылау жүргізіледі.



Зоотехникалық зертхана шикі протеин, шикі жасұнық, шикі май және т.б. азық пен шикізатта болуын анықтау үшін еуропа өндірісінің заманауи нақтылығы жоғары жабдығымен жарақталған.


Экспресс талдағыш, дән мен азықтағы ылғалдылықты талдағыш, орынжайда СО2 талдағышы және т.б. бар.





Арнайы заманауи жабдықта қабығының қаттылығын тексеру үшін үнемі сараптама жүргізіледі.


Ветеринарлы игілік кәсіпорынның ветеринарлы қызметімен жалпы және спецификалық алдын алу шараларын ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі. Жұқпалы ауруларды мониторингтеу ИФА сызбасы бойынша жүйелі жүргізіледі. Спецификалық алдын алу бағдарламасы мониторинг нәтижелерін ескере отырып түзетіледі және вакцинаторлар бригадасы, ветеринарлық дәрігердің бақылауымен орындалады.