1 100 000 мекиен тауықтар

«ҚАЗГЕР-ҚҰС» ЖШС 2008 жылдың ақпан айында, Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында 1997 жылы құрылған, егіс алқаптары 20 000 гектарды құрайтын, «ҚАЗГЕР» ЖШС өсімдік шаруашылығы базасында ұйымдастырылды. Құс фабрикасы құрылысының басталуы-2008 жылдың сәуір айы, пайдалануға енгізілуі -2009 жылдың желтоқсан айы.

2013 жылы құс фабрикасының 2-кезегінің құрылысы басталып, 2015 жылы жас құстарды өсіруге арналған 2 құс фермасының, мекиен тауықтарға арналған 8 құс фермасының құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді. Өндіріс көлемі құсжайларының өсуіне және соған сәйкес құс басының артуы есебінен тұрақты түрде ұлғайып отырады. 2009 жылы мекиен тауықтар орташа 239,6 мың басты құрады, 2012 жылы – 513,4 мың басты, 2013- 526,6 мың басты, 2014 жылы- 606,4 мың басты құрады.

2015 жылы мекиен тауықтарды орташа жылдық 1млн 100 мың басқа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл жылына жұмыртқа өндірісі көлемін жылына 300,0 млн-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Мекиен тауықтарды ұстау мен өсірудің технологиялық тәртібі 1:4. Бұл 4 өнеркәсіптік құсқора жиынтығы үшін, жас тауықтарды өсіруге арналған 1 құсқора жеткілікті екендігін білдіреді. Барлық өндіріс 2 алаңда орналасқан. Бірінші алаңда жөндейтін жас тауықтарды өсіруге арналған 2 құсқора және мекиен тауықтарға арналған 8 құсқора орналасқан.

Жұмыртқаны сұрыптайтын цех құсқоралар арасында ортада орналасқан. Жұмыртқа құсқоралардан анаконда арқылы сұрыптау цехына, содан кейін шет жағынан тікелей жалғасып жатқан жұмыртқа қоймасына келіп түседі. Қуаттылығы сағатына 10 тонна құрама жем цехы Awilla компаниясының заманауи неміс жабдығымен жасақталған. Құстарды азықтандыруға арналған күнбағыс майы мен күнжара өндіретін цех бар.

Қыс мезгілінде құсқоралар газгенераторлары арқылы жылытылады.

Бұл үшін аймақта газгольдерлер бар. Бірінші алаңда сонымен бірге лицензияланған ветеринарлық және зоотехникалық зертханалар орналасқан. Құстың өлім-жітімін ветеринар мамандары сойып, себептері анықталғаннан кейін, арнайы кремоторий-пештерде өртеледі. Сағатына 1000 бас мекиен тауықтарды союға арналған цех салынды және табысты жұмыс істеп келеді, бұл өндірістік циклды толығымен жабуға мүмкіндік береді. Негізгі өндірістің биоқауіпсіздігі мақсатында сою цехы 26 км қашықтықта орналасқан. Құс фабрикасы жабық түрдегі кәсіпорынға жатады. Бөтен адамдарға кіруге тыйым салынған.

Барлық жолдар «таза» және «лас» болып бөлінген. Барлық ветеринарлық-санитарлық ережелер сақталған. Кәсіпорынның негізгі қызметі-бұл тауық жұмыртқасын өндіру. Өзі жұмыс істеген барлық жылдар бойы кәсіпорында сапа мәселесіне ерекше назар аударылды. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның ішкі нарықтағы мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету үшін, «Қазгер Құс» ЖШС 2010 жылы ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартының талаптарына сай сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірледі және енгізді. «ҚАЗГЕР-ҚҰС» ЖШС «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» және «Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы болып саналады. Қазақстанның барлық ірі қалалары іс жүзінде өндірілетін өнімнің тұтынушылары болып табылады (Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Павлодар және т.б.).

Құс фабрикасы автомобиль магистральдары мен теміржолдардан алыс, далалы жерде экологиялық таза ауданда орналасқан. 60 км радиуста ешқандай құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы кәсіпорындары жоқ.



7%


2015 жылғы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі


1 млн. 100 мың бас, жылына 300 млн. жұмыртқаға дейін өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Мекиен тауықтарды өсіру мен асыраудың технологиялық сызбасы 1:4. Бұл 4 өнеркәсіптік құсқора жиынтығы үшін, жас тауықтарды өсіруге арналған 1 құсқора жеткілікті екендігін білдіреді.