Толыққанды тамақтану мүмкіндігі болуы үшін, біздің ата-бабалырымыз ерте уақыттан бастап құстарды үйде асырауға тырысқан. Тауықтар адам жанында 8 мың жыл өмір сүріп келеді!
Тауықтың жұмыртқасының құрамында ақуыздар, майлар, көмірсутегілер, 12 негізгі дәрумендер және барлық дерлік микроэлементтер бар. Болашақ балапанның дамуына қамқор болып, табиғат жұмыртқада дәрумендердің қуатты қорын жасайды. А дәрумені өсуге, көзге жақсы әсер етеді, иммунитетті және ағзаның жұқпаларға қарсы төзімділігін арттырады. Жұмыртқаның құрамындағы Е дәрумені панацея тәрізді болады: тағамға үнемі қолданғанда,жүрек бұлшық еттерін нығайтады және қатерлі ісік ауруларының кей түрлерінің дамуына қарсы әсер етеді, ерте қартаюға жол бермейді және сіздің әдемілігіңізді сақтайды. Бір жұмыртқада болатын, кальцийдің сіңірілуіне ықпал ететін D дәрумені, адамның тәуліктік қажеттілігінің жартысын қамтамасыз етеді. Бір жұмыртқада қалыпты қан айналымы мен жүйке ауруларының алдын алуға қажетті В12 дәрумені болады, ол ағзаның тәуліктік қажеттілігін 100% қанағаттандыра алады. Тауық жұмыртқасы –қанның ұюын реттейті К дәруменінің қоры үлкен мөлшерде болатын, аз кездесетін азық-түліктердің біріне жатады.
Әсіресе жұмыртқа жасөспірім кезде қыздар үшін өте пайдалы: пісірілген жұмыртқа немесе қуырылған жұмыртқаны жүйелі түрде қолданған кезде, омырау ісігінің даму тәуекелі айтарлықтай төмен болады.
Тауық жұмыртқасы азық-түлік ретінде фосфордың, күкірттің, темірдің елеулі көзі болып саналады. Сонымен бірге саруыз бен ақуызда темір адам ағзасы едәуір жақсы сіңіретін органикалық түрде және балғын жұмыртқадағы темір адамның емдәмдік тамақтануына жеткілікті түрде болады.
Сонымен қатар жұмыртқада ағзадағы ақуыздың құрылуына қажетті, барлық таптырмайтын аминқышқылдары болады. Олардың таптырмайтындығы адам ағзасында синтезделе алмауында, және жұмыртқамен, етпен, құспен немесе балықпен түсуі тиіс. Амин қышқылдары-ақуыздардан тұратын «кірпіштер». Ал ақуыздардан адам денесінде бұлшық еттер, сіңірлер, барлық органдар мен темірлер, шаштар, тырнақтар қалыптасады; ақуыздар сұйықтықтар мен сүйектер құрамына кіреді. Ағзадағы барлық үрдістерді реттейтін ферменттер мен гормондар да ақуыздар болып саналады.
Қыздырған кезде ақ ерімейтін масса болып қоюланатын «ақуыз» деген сөз алғашқыда жұмыртқа ақуызына берілген. Жұмыртқа ақуызы ақуыздың сіңірілуінің стандарты болды: оны адам ағзасы шамамен 96% сіңіреді, өйткені жұмыртқалар амин қышқылдарының жақсы теңгерімімен ерекшеленеді. Басқа азық-түліктер - ақуыздың көздері - жұмыртқа ақуызымен салыстырғанда сіңірілу дәрежесі бойынша былай бөлінеді: 89% сиыр сүті, балық; 77% - ет.
Құрамында холестерин болуына байланысты тауық жұмыртқаларының зияны туралы тараған пікірге қарамастан, ол тікелей қанға түспейтіндіктен, жұмыртқадағы холестерин сондай қауіпті емес екендігін көптеген заманауи ғалымдар дәлеледеді. Холестерин – бұл әр тірі жасуша үшін таптырмас «құрылыс» материалы, сыртқы жасушалық мембраналардың қажетті иілгіштігін, беріктігі мен өткізгіштігін қалыптастырады. Сонымен бірге холестерин- D тобы дәрумендерінің, жыныстық гармондармен қоса, түрлі гармондардың, өт қышқылдары синтезделуінің негізгі құрамдас бөлігі. Емшектегі және өсіп келе жатқан балалар майлар мен холестеринге бай, сонымен бірге ми мен жүйке жүйесінің толыққанды дамуына арналған азық-түліктерге мұқтаж. Жұмыртқаны шамадан тыс қолдану тек егде жастағы және ауру адамдарға ғана болмайды.
«Meat&Poultry» (2006) журналының деректері бойынша,тамақтанудың жеті пайдалы түріне: қоңыр күріш, тауық жұмыртқасы, сүт, шпинат, банан, арқан балық және қара жидек жатады.
Сарапшылар тағамдық жұмыртқалар функционалдық құрамының кешені тромбтардың (қанның ұю) пайда болуының алдын алатынын, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулар қатерін төмендететінін атап көрсетеді. Жалпы алғанда, жұмыртқаны жеуге болады және жеу керек!
Бүгінде диетологтар дені сау адамға күніне 1-2 жұмыртқа жеуді ұсынады. Бір тауық жұмыртқасы ересек адамға қажетті ақуыздың 10%-ын, майдың - 7%-ын, фосфолипидтердің (лецитиннің) - 50%-да астамын, дәріумендерді- 5-тен 100%-ға дейін, йодтың - 15-20%-ын, мырыш пен жездің - 8-10%-ын, селеннің - 50%-ын қанағаттандырады.
Табиғат көптеген азық-түлік өнімдерге емдік қасиеттерді толықтай берген: жемістер мен көкөністер, сүт өнімдері, емдік шөптер, және әрине жұмыртқа.
Бірақ мекиен тауықтардың күнделікті тағам мөлшеріне көптеген дәрумендер мен микроэлементтерді қосып жұмыртқаның емдік қасиеттерін тағы бірнеше есе күшейтуге болады екен.
Азықты байыту тауықтардың ағзасын пайдалы заттармен қанықтырып қана қоймайды, жұмыртқада дәрумедер мен микроэлементтердің жиналуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, табиғатынан пайдалы тауық жұмыртқалары шындығында да емдік азық-түлік болып шығады: ағзаның барлық жүйелерінің жұмысын қалпына келтіре отырып, сауықтыратын әсерге ие болады, адамның өмір сапасын арттырады.