Ru Kz En
Казгер
Мы в Instagram

Тағамдық жұмыртқаны өндірудің технологиясы

 

Құс фабрикасының технологиялық қызметімен бір жылға технологиялық карта құрылады, оған сәйкес кәсіпорынның бүкіл қызметі жоспарланады. Кәсіпорынның негізгі қызметі - бұл тағамдық тауық жұмыртқасын өндіру.

Мекиендер мен төлдерінің барлық басы "Specht" неміс компаниясының жаңа технологиялық заманауи жабдығымен толықтай жарақталған орынжайларға орналастырылған. Барлық процестер автоматтандырылған. Онлайн режимінде барлық процестерді басқаруға, сондай-ақ азық пен судың шығыны, олардың ара-қатынасы, өнімділігі, микроклиматты және т.б. қадағалауға болады.

Жасушалы жабдық. Құс қамайтын күркелердің ішінде шаңды азайту үшін едені кафельден төселген. Едендерден шаң шаңсорғыш арқылы тазартылады. Жүйелі түрде ылғалды жинау жұмыстары жүргізіледі.

Құс саңғырығы күркенің ішінен күнделікті тезекті жинайтын таспалардың көмегімен алынып тасталады. Күркелердің санитарлық күй-жайына барынша көп уақыт пен назар аударылады.

        Бұранда түтіктен суару. Аумақта 3 ұңғыма бар. Ұңғыма ішінен су толықтай сүзіледі. Ол үшін мықты сүзгі жүйесі жұмыс істейді. Жүйелі түрде аптасына 1 рет арнайы құрал арқылы ррm бірліктерінде қоспалардың болуын тексеру үшін (таразыланған бөлшектер) құс күркелерінде ауыз судың сапасына бақылау жүзеге асырылып тұрады. Оның үстіне жылына 1 рет мемлекеттік зертханаларда зиянды қоспалардың болуына судың толық зерттеуі жүргізіледі.

Желдету жүйесі көмірқышқыл газының болуы және температуралы режим бойынша микроклиматтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Микроклиматтың сапасын бақылау күн сайын жүйелі тексеріліп отырады. Арнайы журналарда құс күркелерінде тәулігіне 3 рет ылғалдылық пен температура көрсеткіштерінің жазбалары жүргізіледі. Оның үстіне Stienen Poultry процестерін компьютермен басқару жүйесінде барлық мәліметтер тіркеледі және есебі жүргізіледі. Аптасына бір рет, сондай-ақ қажеттілікке қарай зертхана құс күркелерінде көмірқышқыл газдың құрамының көрсеткіштерін шешеді.

Барлық құс күркелерінде жаңа алаңдағы жарықтандыру заманауи жарықдиодты. Қазіргі кезде бірінші алаң мен жарықдиодты жарықтандыруға ауыстырып жатырмыз.

Төлдейтін жас тауықтар санитарлы аймақпен мекиендерді ұстау аймағынан бөлінген төлдерін өсіруге арналған арнайы аймақта өсіріледі.

Тәуліктік жастан 98 күнге дейін балапантарды кросс әзірлеушісімен ұсынылған бағдарлама бойынша өсіреді. Хайсекс уайт кросстарынан тұқымдас тәуліктік балапандары Свердловский ППР -дан, ал Супер Ник кроссы - Свердловский ППЗ-дан жеткізіледі. Отырғызу тығыздығы, тамақтандыру фронты мен суару бойынша нормативтер қатаң сақталады. Кәсіпорынның зоотехникалық қызметі келешек мекиендерді дамыту және салмағын бақылауды жүзеге асырады. Қажетті жағдайларда тамақтандыру немесе жарықтандыру бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Төлдейтін жас тауықтардың дамуына ықпал ететін барлық көрсеткіштер үнемі сарапталып отырады.

Балапанға арналған күркелерінде профилактикалық үзілістер 21 ден 30 күнге дейін. Бұл сапалы тазарту, жуу және ылғалды, аэрозольді дезинфекцияны өткізуге жеткілікті уақыт. Жуу көпіршікті жуғыш құралдары, Каrcher маркалы мықты еуропа жабдығының көмегімен арнайы бригадамен жүзеге асырылады. Дезинфекцияны тиімді және қауіпсіз заманауи дезинфекциялау құралдарымен санитарлы шаруашылық қызметі өткізеді.

Фабриканың ветеринарлы зертханасы әр дезинфекциядан кейін өңдеудің бақылауын жүргізеді: жабдықтардан, қабырға, еден, төбеден, желдеткіш қуыстардан және т.б. шайып алу алынады және арнайы қоректендіру ортасына себіледі.

Жұқпалы аурулардың профилактикасын әр партия үшін жоспарға сәйкес кәсіпорынның ветеринарлы қызметі жүзеге асырады. Ол үшін вирусты және бактериалды инфекцияларға мониторинг өткізіледі. Тәуліктік жасынан бастап қан алудың кестесі құрылды, сондай-ақ шаралардың профилактикалық шаралардың күнтізбелік жоспары құрылады. Қан сығындысы ИФА антиденелерінің болуына тексеріледі және соның негізінде екпе жоспары құрылады. Екпенің барлық негізгі бағдарламасы өнеркәсіптік аймаққа ауыстыру сәтіне аяқталады.

 

Өнеркәсіптік мекиен бес қабатты жасушалы батареяларда ұсталады. 

  Құстарды отырғызу кезінде отырғызу тығыздығы бойынша нормалар ескеріледі. Жарық режимдері тәуліктік жасынан және өнімділік кезеңінің соңына дейін әр партияға әзірленеді және бекітіледі. Күнделікті жұмыртқаның салмағы, өнімділігі, азық шығыны, әр бастың қозғалысы туралы есеп жүргізіледі.

Жұмыртқаны жинауда автоматтандырылған. Тағамдық жұмыртқаға адамның қолы мүлдем дерлік тимейді, себебі мекиен жұмыртқалағаннан кейін ол жұмыртқаны динау таспасымен қозғалады, одан кейін көлденең тасымалдаушы бойынша жұмыртқаны сұрыптаушы цехке түседі, жұмыртқаны сұрыптау машинасынан өтеді, ол оларды санаттарына қарай жаймаларға салады. Жұмыртқа салынған жаймалар қораптарға қапталып, дайын өнім қоймасына жіберіледі.

  

Құсты тамақтандыру барлық құнарлы заттармен үйлестірілген жеке өндірілетін азық жемдерімен жүзеге асырылады. Ол үшін шаруашылықта "AWILLA" неміс фирмасының заманауи жабдығымен жабдықталған азық жемді әзірлеуге арналған цех бар. Макро және микро мөлшерлеудің асқан нақтылығының арқасында сапалы азықты рецепт бойынша нақты әзірлеудің мүмкіндігі бар. Рациондарды оңтайландыру Brill арнайы азықтандыру бағдарламасымен біліктілігі жоғары маманмен жүзеге асырылады.

   Құс сау болуы үшін тамақтандыру бифидо-лакто бактерияларын қолдана отырып табиғи өсімдік азықтарымен жүзеге асырылады. Құсты тамақтандыру кезінде химиялық элементтер, жануарлардан алынатын азықтар, өсуді биоынталандырғыштар, генді инженерия өнімдері қолданылмайды. Бұның барлығы Қазгер Құстан тамақ үшін

қолданылатын экологиялық таза және қауіпсіз жұмыртқаны өндірудің негізі болып табылады - бұл Халал сертификатының болуымен расталады.   


Тамақтану рационына барлық дақылдылар (астық, арпа, жүгері, сұлы, зығыр дәндері), соя күнжарасы мен күнбағыс, өсімдік майы, азық дрожжиі, дәруменді-минералды премикс, минералды қоспалар кіреді (әктас пен ұлутас).


Барлық дақылдылар, күнбағыс дәндері мен зығыр дәні өздерінің далаларында өсіріледі. Күнбағыс майын өндіріп шығару бойынша цех бар. Өзіміз шығаратын май және кұнжараны құстарды тамақтандыру кезінде пайдаланамыз.