Біздің бренд

«Қазгер-Құс» құс фабрикасы Қазақстандағы тауық жұмыртқасын өндіретін ірі кәсіпорын болып табылады, 2008 жылдан бастап өзінің жаңаша тарихын жүргізіп келеді. Осы уақыттың ішінде жылына 300 000 000 дана жұмыртқа өндірісіне қол жеткізді.

«Қазгер-ҚҰС» жұмыртқасы мекиен тауықтардың таңдамалы кросстарынан алынған.

«ҚазгерҚұс» ЖШС стратегиялық мақсаты өнімнің сапасы.

Ол үшін кәсіпорында "Сапа саласындағы саясат" әзірленген және бекітілген.

Сапа саласындағы саясат

- Клиенттер – бұл біздің дамуымыз мен жекеше әл-ауқатымыздың негізі! Сондықтан біздің өнім клиенттердің сұраныстарын толықтай қанағаттандырып, нормативті талаптарға сәйкес келуі керек. Біз тұтынушылардың сұраныстарын үнемі зерделеп, біздің өнімімізбен қанағаттану деңгейлерін байқап отырамыз.

- Біздің негізгі құндылық – өз ісін жақсы көретін білікті, бастамашыл және жауапты қызметкерлер. Сондықтан бізде персоналды оқыту, аттестациялау және мотивациялау жүйесі әрекет етеді, ол үнемі жетілдіріліп отырады.

- Біздің артықшылық – топпен жұмыс жасау, қызметкерлер арасында толық өзара әрекеттестік, ол жүйелі және процесті көзқарас арқылы іске асырылады. Әр қызметкер оның жұмысының нәтижесіне өнімнің сапасы мен клиенттің қанағаттану деңгейі байланысты болатынын жақсы біледі, сондықтан әр қызметкер өз жұмысының сапасына жауап береді.

- Тауарлы жұмыртқаның сапасын қамтамасыз ету үшін, біз өзіміз де сенімді жеткізушілерді таңдаймыз, олармен өзара тиімді қатынастарға ұмтыламыз.

- Біз кәсіпорнымыздың имиджі мен беделі жайлы ойлаймыз, мүдделердің кең шоғырын ескере отырып тұрақты да, ұзақ мерзімді дамуға ынталанамыз: серіктестіктер, клиенттер, мемлекет және жалпы қоғам.

      - біздің кәсіпорын құс шаруашылығы өнімдерінің өндірісі саласында көшбасшы болуға ұмтылады және тұтынушылардың талаптары мен болжамын барынша қанағаттандыруға тырысады:

● стандарттар мен ерекшеліктердің талаптарына сәйкес келетін олар үшін шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен керемет сапасы (экологиялық таза);

● өнімнің өндіріс көлемін арттыру;

● шығарылатын өнімнің ассортиментін көбейту;

● сыртқы нарыққа өнімді экспорттау.

«ҚазгерҚұс» құс фабрикасы экологиялық таза табиғи аймақта, ірі автомобиль және теміржол магистральдерінен алыста, жазық далада орналастырылған.


Мекиен тауықтарды азықтандыру рационы кәсіпорынның өздерінің далаларында өсірілген табиғи өсімдік азықтарына негізделеді. Жануарлардан алынатын азықты біз қолданбаймыз.


Жұмыртқа құрамының толыққандығы мен жоғары сапасы барлық құнарлы заттары үйлестірілген азық жемдерімен мекиендерді тамақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Бұның барлығы "СКТ", "Халал", "ISO" сияқты сертификаттардың бар болуымен расталған экологиялық таза, толыққанды жұмыртқаны өндіріп шығару негізі болып табылады.

Біздің өнімнің сапасы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде атаққа ие болды.